Шу ауданының білім бөлімінің Жиделі бастауыш мектебінде 1-4 сынып оқушылары арасында 15 мамыр күні "Отбасым - бақыт мекенім" тақырыбы бойынша тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:
1. Отбасы туралы ұғымдарын кеңейту. Отбасы мүшелерінің алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы — әр адамның шағын Отаны. Оқушыларға әке — шеше, бауырдың қадірін түсіндіру.
2. Балалар әке — шешесінің қамқорлығына, сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп қана қоймай, олардан адамгершілік қасиеттерін алып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Оқушылардың бойына ата — анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.