Шу ауданының білім бөлімінің Жиделі бастауыш мектебінде 22 наурыз мерекесі аталып өтті.
✨22 наурыз - бұл ежелгі дәстүр бойынша жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы. Жоқтың бар болып, бардың еселенетін мерекесі.
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, тарихқа көз жүгіртіп - бабалар мұрасына оралатын, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті ай!
Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін!
Елімізге, әрбір шаңыраққа бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!