Шу ауданының білім бөлімінің Жиделі бастауыш мектебінде 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ертеңгілік ұйымдастырылып, ұстаздар мен қызметкерлер, ата-аналар шақырылды. Мектеп оқушылары қонақтарды мерекелерімен құттықтап, жақсы көңіл-күй сыйлады.
⚜️Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
#Біртұтастәрбие #8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні