Шу ауданы, Жиделі бастауыш мектебінің ұжымына 25.11.2024 жылы «Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар» таныстырылды.
Жиналыс барысында стандарттағы өзгерістер,толықтырулар, құрылымы, құндылықтар, қолданысы, нормаларды нақтылау бойынша мектеп меңгерушісі Есенбаева Г.Ж. түсіндіріп өтті. Өзгерістердің негізгі бағыттары, бастауыш білім берудің, негізгі орта білім берудің мақсаттары, стандарттың қолданылу салалары, пәнаралық біріктіру, білім стандарттарын бағалау, күтілетін нәтижелері талқыланды.