Жиделі бастауыш мектебінде сейсмикалық жаттығу өткізілді. Мақсаты: Жер сілкінісі кезінде эвакуациялау бойынша дұрыс іс-қимылдарды жүзеге асыру, мұғалімдер мен оқушыларды мектептен қауіпсіз аймаққа шығаруды үйрету. Сейсмикалық жаттығуға «Барлықтарыңыздың назарларыңызға» дабылы сағат 11.00де басталады. Аталған шараға мұғалімдер мен оқушылар толықтай қатысып, төтенше жағдайлардың алдын алу ережелерімен қосымша таныстырылды.