Шу ауданының білім бөлімінің Жиделі бастауыш мектебінде 2024 жылы 1 қараша күні "Виртуалды әлемдегі бала болмысы" тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты:ата-аналарға виртуальды әлемдегі бала болмысы туралы түсіндіру. Сондай-ақ ата-анаға бала тәрбиесіне бақылау жасаудың түрлерін көрсету, бала мен ата-ана арасындағы дұрыс қарым-қатынасты орнату туралы психологиялық тренинг ұйымдастыру, интернет қауіпсіздігінің алдын алу.